Күзгі демалыс уақытында өткізілген іс-шаралар ақпараты.
Сабақтан тыс жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күзгі демалыс уақытындағы іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар атқарылды.
Күнделікті жоспарға сай үйірме, спорт секциялары және 10,11 сыныптарына эмтиханға дайындық жұмыстары жүргізілді. Қиындық тудыратын оқушылармен психолог треннинг жаттығуларын жүргізді және олар спорттық шараларға тартылды.
30.10.17 жылы 4 сыныптар арасында «Рухани жаңғыру-Қазақстанның үшінші жаңғыру кезеңі.Отан неден басталады?» тақырыбында сайыс өтті.
Мақсатым:Қазақстанның тарихымен таныстыра отырып,түрлі тапсырмалар орындап ой бөліседі,Қазақстанның үшінші жаңғыруы туралы мәлімет беру.Сайыс барысында 4 сынып оқушылары топпен жұмыс жасады.Кіріспе бөлімінде психологиялық ахуал тудырдым. Бәріміз шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы тілек айтып алдық. «Кластер» әдісінде Отан туралы білетіндерін айтты.Мақал жарысы кезіңде әр топ оқушылары Отан,туған жер,ел туралы мақалдар айтып жарысты. «Жоғалған сөзді тап»ойынында оқушылар берілген мақалдардың жалғасын тауып айтты.
31.10.2017 күні «Жаһандық заманауи қазақстандық мәдениет»тақырыбында іс – шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты болашақ жастарға Қазақстанның өркендеп дамуын латын әліпбиі туралы мағлұмат берілді. Қазақ қоғамы сөз жоқ, жаңа тарихи кезеңге аяқ басып отыр. Саяси-экономикалық жаңғырулармен қатар, ел өмірінде өзге де елеулі оң өзгерістер орын алғанын айтып өттім. Сонымен қатар, мектебіміздің «Өлкетану» мұражайымен таныстырдым. Мұражайымыздың 3 кезеңнен тұратынын, әр кезеңге жеке-жеке тоқталып өттім. Осы іс-шара арқылы оқушыларға патриоттық сезіммен қоса, Отан алдында от кешкен ардагер азаматтарымызды айтып өттім . Оқушылар өте жақсы әсер алды деп ойлаймын.
31.10.2017 күні «Балауса» қыздар ұйымының жетекшісінің ұйымдастыруымен «Қыз көрікті қылығымен» атты дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қыз балалардың тәрбиесін, қыз балаға әдептіліктің, әдеміліктің, сұлулықтың жаршысы екенін сөз ету. Ұл бала мен қыз баланың бірін – бірі шынайы құрметтеп, қастерлей білуге баулу, өзара сыйластықты, достық қарым – қатынасты қалыптастыру.
1.11.17 қараша күні «Мәңгі қазақ жері - Ұлы Дала елі!» тақырыбында дөңгелек үстел 3-4 сыныптар арасында ұйымдастырылды. 5- сынып оқушыларымен «Ән жұмбақ тақырыбында» музыкалық сайыс ұйымдастырылып, әншілерге пародия салды. «Көңілді старт» эстафеталық ойындар, сайыс 5-6 сыныптар арасында «Атадан қалған асыл сөз» 1001 мақал, 100 бір жұмбақ сайысы» сайыстары ұйымдастырылды.
3.11.17 қараша күні Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Болашақ біз үшін» заманауи би марафонына белсене қатысқаны үшін жбб№9 мектеп бишілері марапатталды.
3.11.17 3-сыныптар арасында сынып жетекшісі Сәлімбаева С. ұйымдастыруымен «Шынайы дос – асыл қазына» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: достық қарым- қатынасын қалыптастыру, адамгершілік қасиетін, бір – біріне деген достық сезімдерін нығайту. 5-6 сыныптар арасында «Шешендік өнер» үйірме жұмыстары жүргізілді.
3.11.17 күні 10-11 сыныптарға Мукажанова А., Егембердиева С., «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.
4.11.17 күні 8- сыныптар арасында «Қазақтың ұллтық киімдері» үйірмесі9-сыныптар арасында «Қауырсын ғалам» үйірме жұмыстары жүргізілді.
Күзгі демалыс уақытында құқықбұзушылық әрекеттері тіркелген жоқ. Мектептің 90 пайыз оқушылары күзгі демалыс іс-шараларына қамтылды. Жоспарланған іс-шаралар уақытында жауапкершілікпен атқарылды.