«Латын әліпбиіне көшу-әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында өткізілетін танымдық сағат ақпараты
«Латын әліпбиіне көшу- әлемдік үдеріске жақындау» тақырыбында мектеп кітапханасында Кәукербек Р. 9-11 сынып оқушылары арасында танымдық сағат өткізілді. Оқушылар Қ.Р. президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласында көтерілген мәселелердің бірі латын әліпбиіне көшу туралы бейнематериалды тыңдап, сол бойынша өз ойларын ортаға салды. Латын әліпбиінің тиімділігі жайлы 11 сынып оқушысы Үкібай М. өз ойымен бөліссе, 9 А сынып оқушысы Қуанышова Г. әліпбиіне көшуде атқарылып жатқан мәселелерге ой жүгіртті. Сөз соңында латын әліпбиін меңгерген жастарымыз келешекте ағылшын тілін үйренуге бейім, сол арқылы әлемдік ақпаратпен сусындай алатын, заманауи технологияларды жетік игере алатындығының айғағы деген қорытындыға келді.