«Жыл мұғалімі – 2017» байқауы туралы ақпарат
2017 жылдың қазан айының 10 күні білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жыл мұғалімі-2017» байқауының 1 кезеңіне сәйкес, №9 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Дина Караевна С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп - гимназиясының 4 «Б» сынып оқушылырына әдебиеттік оқу пәнінен С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам, адам болып» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың тақырыбын жан-жақты аша білді.«Кластер» әдісі, «Сюжетті кесте» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі, жұптық жұмыс. Кітапті тізбектетіп оқу, дәптермен жұмыс түрі қамтылды. Сабақта мұғалім оқушыларды жұлдызша арқылы бағалап отырды. Сабақ соңында оқушылар жинаған жұлдызшаларын ұпайға айналдырып, бағалары қойылды. Сабақ мақсатына жетті. Ұстазға байқаудың келесі кезеңінде сәттілік тілейміз.