«Балауса» қыздар ұйымының дөңгелек үстел ақпараты

Дата: 2017-10-07 05:49:52
«Балауса» қыздар ұйымының  дөңгелек үстел ақпараты

    Мектебімізде «Балауса» қыздар ұйымының кезекті отырысы өтті. Тәрбие жұмысының орынбасары Д.Сагимбекова   оқыту түсіндіру сабағында тазалыққа тоқталды. Қыз баланың күнделікті жуынып, киімдерін таза кию. Шашты жинақы, таза ұстау және тырнақтарын өсіріп алып оны бояу сынды жат қылықты болдырмау түрлерін қатаң ескертті. Қыздар ұйымының жетекшісі Тлеуберген Ж. «Қызға – қырық үйден тыйым » атты баяндамасымен таныстырып, қыз баланың тәртібі, имандылығы туралы,  және мектепте, түзде дұрыс сөлеп, дұрыс жүріп-тұру қасиеттерін ескертіп ойындар ұйымдастырды.

Автор: №9 ОМ