1-11 сыныптар арасында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

Дата: 2017-09-26 03:33:42
1-11 сыныптар арасында өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы ақпарат

    2017 оқу жылындағы 23 қыркүйек күні «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы» тақырыбымен жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа20 мұғалім, 1-11 сыныптан  285ата-ана қатысты.Сөз басында мектеп директоры Г.К. Әби 2017-2018 оқу жылына есеп бере отырып, отбасы және бала тәрбиесі туралы кіріспе сөзін айтып, мектептің жаңа оқу жылына дайындығы және оқушылардың оқулықпен қамтылу мәселелерін толықтай жеткізді баяндамалар оқыды. «Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазұны» шолу бойынша, бес күндікке көшу жөнінде ақпарат берілді.«Мектеп ережесі» «Абайлаңыз, балалар!» Республикалық акциясының мектепте ұйымдастырылып отырғаны баяндалды. Акцияның негізгі мақсаты: жол-көлік қозғалысынан жарақат алудың алдын алу, сонымен қатар жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту, тұрғылықты жері мен оқу орындарында көлік ортасына балалар мен жасөспірімдерді бейімдеу үшін жаңа оқу жылының алғашқы күндерінен бастап 1-нен 7-не дейін «Абайлаңыз, балалар!» атты жедел профилактикалық іс-шарасы жоспары құрылып жұмыс жасалып жатқанын жалпы ата-аналар жиналысында тәрбие ісінің  орынбасары Сагимбекова Д. баяндамасында айтып өтті. Ата-аналарға бала тәрбиесі жайында буклеттер парақшалар таратылды.

Автор: №9 ОМ