9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017 спорттық іс-шараларының өтілуі туралы ақпарат
Жеке тұлғаның денсаулығын сақтау және салауатты өмір салты туралы түсінігін нығайту мақсатында мектепте 9 қыркүйек күні жоспарға сай «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017» спорттық іс-шаралары ұйымдастырылды. 8.09 күні Денсаулық күніне арналған стенд безендірілді. «Жаны саудың – тәні сау» атауымен суреттер көрмесі ілінді. «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» ұранымен ашық жиын ұйымдастырылып, 3-11сынып оқушылары флеш-моп спорттық биін биледі. (Жетекшісі Рымкулова Б) Бастауыш сынып оқушыларына «Бірігіп жеңіске жетеміз!» ұранымен эстафеталық ойындар жүргізілді. 5 сыныптар арасында «футбол» ойындары, 7-8 сыныптарға «Арқан тартыс» ұлттық сайысы ұйымдастырылды. (Жетекшісі Елшібеков С). 5-9 сыныптарға шахмат, шашки ойындарын Ғ. Насыр ұйымдастырса, 9-11 сынып оқушыларына«Турникке тартылу», «Садақ ату» байқауы өткізілді. Жетекшісі (Мұхаметжанов Ж). Сонымен қатар жоғары сыныптарға тенис, валейбол ойындары өткізілді. Сынып жетекшілер арасында «Бірігіп жеңіске жетеміз!» ұранымен қызықты старт ойындары ұйымдастырылды.