9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017 спорттық іс-шараларының өтілуі туралы ақпарат

Дата: 2017-09-11 10:05:47
9 қыркүйек күні «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017  спорттық іс-шараларының өтілуі туралы ақпарат

     Жеке тұлғаның  денсаулығын сақтау және салауатты өмір салты туралы түсінігін нығайту мақсатында мектепте 9 қыркүйек күні жоспарға сай «Біздің денсаулығымыз өз қолымызда!» ұранымен «Денсаулық фестивалі-2017»  спорттық іс-шаралары ұйымдастырылды.                                                                                           8.09 күні Денсаулық күніне арналған стенд безендірілді. «Жаны саудың – тәні сау» атауымен суреттер көрмесі ілінді.                                                                            «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ!» ұранымен ашық жиын ұйымдастырылып, 3-11сынып оқушылары флеш-моп спорттық биін биледі. (Жетекшісі Рымкулова Б)     Бастауыш сынып оқушыларына «Бірігіп жеңіске жетеміз!» ұранымен эстафеталық ойындар жүргізілді. 5  сыныптар арасында «футбол» ойындары, 7-8 сыныптарға «Арқан тартыс» ұлттық сайысы ұйымдастырылды. (Жетекшісі Елшібеков С).  5-9 сыныптарға шахмат, шашки ойындарын Ғ. Насыр  ұйымдастырса, 9-11 сынып оқушыларына«Турникке тартылу», «Садақ ату» байқауы өткізілді. Жетекшісі (Мұхаметжанов Ж). Сонымен қатар жоғары сыныптарға тенис, валейбол ойындары өткізілді.                                                               Сынып жетекшілер арасында «Бірігіп жеңіске жетеміз!» ұранымен қызықты старт ойындары ұйымдастырылды. 

Автор: №9 ОМ