Ұлттық ақпараттық компанияның «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» атты іс-шара ақпараты

Дата: 2017-06-13 08:20:37
Ұлттық ақпараттық компанияның  «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес»  атты  іс-шара ақпараты

Маусым айының 2 - ші жұлдызында «Балбұлақ» сауықтыру лагерінде бала еңбегін қанауға қарсы «Мен, сен және отбасы» тақырыбында, топтар арасында сурет сайысы өтті. Мақсаты елімізде бала еңбегін қанауға жол берілмейтіндігін түсіндіре отырып,оқушыларды топпен жұмыс жасау арқылы  сурет салуға үйрету.

«Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12  күн»  Ұлттық  ақпараттық  науқаны  аясында жоспарға  сәйкес  «Балбұлақ» сауықтыру лагерінде 6 маусымда«Отбасы бақыты және құндылықтары»  туралы видеороликтер көрсетілді. Мақсаты оқушыларды отбасындағы түрлі  көріністерді көрсете отырып, ақыл - ой қабілеттерін шыңдауға, ой бөлісе білуге тәрбиелеу. Көрсетілім соңынан оқушылар алған әсерлерімен бөлісті.Үлкендер тарапынан ақыл-кеңестер берілді.Бұл күнде де балалар лагерь өмірінен үлкен әсер алды.

8 маусымда «Тоқтат! Баланың еңбегін!»  атты флеш-моб және агитбригада

     «Бала  еңбегін  қанауға  қарсы  12  күн»  Ұлттық  ақпараттық  науқаны  аясында   жоспарға  сәйкес  және  балалардың  құқықтық білімін жетілдіру, балалардың   бойына құқықтық, патриоттық, адамгершілік тәрбиені сіңіру  мақсатында  9 маусым күні«Мен және менің құқығым» тақырыбы  бойынша  әңгіме жүргізіліп, өз ойларын сурет арқылы жеткізе алды.Лагерь демалушыларымен тәрбие жетекшілері сурет арқылы ой бөлісті. Бұл күнде де балалар лагерь өмірінен үлкен әсер алды.

Автор: №9 ОМ