7 мамыр Отан қорғаушылар күніне, 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған іс-шаралар ақпараты

Дата: 2017-05-06 03:51:24
7 мамыр Отан қорғаушылар күніне,  9 мамыр – Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған іс-шаралар ақпараты

Жас ұрпақтың бойына патриоттық ұлттық рухты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 7 мамыр- Отан қорғаушылар күнінің іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сай жұмыстар ұйымдстырылды.

          Мектептің І қабат дәлізінде Ұлы Жеңіске-72 жыл мерейтойы және Отан қорғаушы мерекесіне арналған «Жарқын күнге жеткізген Ұлы Жеңіс» атты тақырыпта кітаптаркөрмесі, суреттер галериясы қойылды.    

  3.05 күні тарих пәнінің мұғалімі Бижамбек «Біз жеңістің ұрпақтарымыз» атты 9- сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді.

  5.05 күні қалалық «Ерлікке тағзым!» қалалық патриоттық әндер байқауы өтті. Мектебіміздің 10 сынып оқушылары қатысты.

  6 мамыр күні оқушыларға «Бұл күндердің даңқы өшпейді» атты ашық жиын ұйымдастырылды. Мектеп директорының орынбасары  құттықтау сөзімен бастау алған мерекелік шара оқушылардың өлеңдері «Катюша» және 4ә сыныптың «Қырандар»  атты вокалымен жалғасты. «Жас ұландар» әнін шырқады. Сыныптарда   «Сен де ардақта, бұл мейрамды жас ұрпақ!», «Отан қорғау- ердің ісі» тақырыптарында  сынып сағаттары өтті.

Автор: №9 ОМ