1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дата: 2017-04-29 04:24:41
1 мамыр -  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген іс-шаралар  ақпараты

28.04 8- сыныптардың қатысуымен мектеп кітапханашысы  «Ұлт бірлігі - ұлт байлығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  28.04 5-6 сыныптар арасында ағылшын мұғалімі«Дос  болайық бәріміз, жарасып тұр әніміз!» мерекелік бағдарлама өткізді. 29 .04 күні «Бір шаңырақ астында»,  тақырыбымен мерекелік ашық жиын ұйымдастырылды. Әр ұлттың киімін киген мерекелік жиын әнұранмен ашылып, мектеп директорының орынбасары  С.Ботаханова оқушыларға құттықтау тілегін арнады. Жиында туған жер, отан туралы ән орындалып, ұлттар  достығы туралы өлеңдер оқылды, «Алтынай» би тобы мың бұрала испан биін биледі.29.04 күні 1- 5 сыныптар арасында «Бір шаңырақ астында» тақырыбында сынып сағаттары өткізілсе, 6-10 сыныптар арасында «Балқаш – достық қаласы» тақырыбында сынып сағаттары өтті.

Автор: №9 ОМ