1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген іс-шаралар ақпараты

Дата: 2017-04-27 09:40:53
1 мамыр -  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай өткізілген іс-шаралар  ақпараты

  Мектебімізде 1 мамыр -  Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 

іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын, ұлттар сыйластығын дәріптеу болды.

        24.04 күні мектеп кітапханашысы «Достық пен ынтымақтастықты дәріптеу» кітаптар көрмесін ұйымдастырды. «Бірлік, ынтымақ – байлық бақ!» 5-6 сынып оқушылары арасында суреттер көрмесі өтті. 

    27.04 күні «Күш атасы – бірлікте»спорттық ойын-сауық бағдарламасын дене шынықтыру пәні мұғалімдері Елшібеков С өткізді.   

    27.04 2-4 сыныптар арасында«Ортақ мекен – жер шары» асфальтта сурет салу байқауы өтті. 

Автор: №9 ОМ