«Балқаш – таза қала!» сенбіліктің өткізілуі туралы ақпарат

Дата: 2017-04-24 06:38:42
«Балқаш – таза қала!»   сенбіліктің өткізілуі туралы ақпарат

Жас ұрпақты тазалыққа, қоршаған ортаны сақтауға шақыру мақсатында 2017 жылы 22 сәуірде «Таза қала!» акциясы ұйымдастырылды. «Таза қала» акциясына мектебіміздің 8-сынып оқушылары, «Мұрагер» жастар ұйымынан 7 адам, «Жасұлан» ұйымынан 10 адам, аға тәлімгер мен бірге қатысып, ықшам аудандардың маңайын күл-қоқыстан тазартты. Халықтың мерейін тасытатын да, көңілін жасытатын да тұрғылықты жерінің келбеті мен тазалығы.Тазалық болмай қоғамның салауатты бола қоюы да екіталай. Сол үшін тазалықты сақтауда тек тиісті сала жұмысшылары ғана әрекет етпеуі керек. Себебі, қала тазалығы үшін тұрғындардың барлығы да жауапты әрі қоршаған ортаны қорғау, оны ластамау - әрбір адамзат баласының азаматтық борышы. Сенбілікке мектеп ұжымы бір кісідей ұйымшылдықпен қатыса білді. Інжу шағын орталығының тәрбиешілері тазалық жұмысын жасады.8,10 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірге қалалық саябақты тазарту жұмысына қатысты. 7-сыныптар мектеп айналасын қоқыстан тазалап,ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. Ағаштардың түптері әктеліп, қопсытылды.

Автор: №9 ОМ