«Туған қалам Балқашыма – 80 жыл!» тақырыбымен ұйымдастырылған іс - шаралар

Дата: 2017-04-10 09:23:49
«Туған қалам Балқашыма – 80 жыл!» тақырыбымен ұйымдастырылған  іс - шаралар

     3.04 күні  «Туған қалам Балқашыма – 80жыл!» тақырыбымен ашық жиын ұйымдастырылды. 1-11 сыныптарда  «Гүлдене бер, ару Балқаш!» , «Балқаш қаласындағы мәдени ескерткіштер», тақырыбымен ашық сынып сағаттары өткізілді. Мектеп кітапханасында көрме ұйымдастырылды. Қала күні мерекесіне арналған «80 жылдық тарихы бар Балқашым!» атты стенд, көрме ұйымдастырылды.     Қаламыздың 80 жылдық мерейтойына байланысты мектебімізде түрлі іс-шаралар жоспарланып, ұйымдастырылуда. Сондай шаралардың бірі  мектеп мұражайында көрме  ұйымдастылылды. Бастуыш сынып оқушылары саяхат жасады.Көрменің мақсаты оқушыларға туған қаламыздың тарихы, өнеркәсібі мен мәдениеті жайында мағлұмат беру.  Музейде қойылған көрмені фотосуреттерді өлкетану жетекшісі Г.Аханова  сынып оқушылары мектеп оқушыларына түсіндіріп, көптеген мәліметпен таныстырды. 2 сыныптар арасынд «Балқашым бағым» атты коллаж байқауы өткізілді.3-4 сыныптардың арасында «Балқаш болашақтың қаласы» ашық хаттар сайысы ұйымдастырылды.Сайысқа қатысқан оқушылар 1-2 орындармен марапатталды.«Балқашым-бағым! «Сен»- деп соғар жүрегі әрбір жанның» 2- сыныптар арасында танымдық кеш ұйымдастырылды.

Автор: №9 ОМ