Көктемгі демалыс кезінде өткізілген іс-шараларының ақпараты 2016-2017 оқу жылы

Дата: 2017-04-01 06:24:06
Көктемгі демалыс кезінде өткізілген   іс-шараларының ақпараты 2016-2017 оқу жылы

 29.03.2017жылы жұлдызында 7б сынып жетекшісі «Мемлекеттік рәміздер жастарды патриоттыққа тәрбиелейді» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін , оны ерекше құрметпен мақтан  тұту керектігін ұғындыру мақсатында өткізілді.  

29.03.17 күні 5а ,ә сыныптар арасында С.Абдуалиева «Менің елім -  Қазақстаным» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.

30.03 күні 11 сынып жетекшісі «Мамандық таңдай білесің бе?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Оқушыларға болашақ мамандық және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында өткізілді. 

30.03 күні 3 сыныптар арасында Д.Шакирова «Білімді бала ел- ертеңі» тақырыбында интеллектуалды сайыс ұйымдастырылды.1- сыныптар арасында С.Сәлімбаева «Лего құрастыру» қөлөнер көрмелерін өткізді.

31.03. күні 6-8-7сыныптар арасында «Қазақтың ұлттық қолөнері» тақырыбында технология пәні мұғалімі сайыс ұйымдастырды.Сайысқа 8а, 8ә, сынып оқушылары аса жоғарғы жауапкершілікпен қатысты. 

31.03. күні  Аханова А. 1а,ә,б сынып оқушыларына «Ертегілер елінде» тақырыбында сахналық көрніс көрсетіліп,5-6 сыныптар арасында   «Денсаулық –зор байлық» эстафеталық сайыстар ұйымдастырылды.

      1.04. күні «Мектеп бөлмесіндегі»  гүлдерді күту   күнін Г.Аханова 3-4 сыныптар арасында  ұйымдастырды.

      1.04 күні 7-8-9 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімдері «Волейбол ережемен ойнау» ойындарын ұйымдастырды. Мақсаты оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру, допты қабылдауға ақыл – ойын жетілдіру.

Автор: №9 ОМ