Размер шрифта:

Көктемгі демалыс кезінде өткізілген іс-шараларының ақпараты 2016-2017 оқу жылы

Дата: 2017-03-29 05:54:23
Көктемгі демалыс кезінде өткізілген   іс-шараларының ақпараты 2016-2017 оқу жылы

    Оқушылардың көктемгі демалыс кезінде бос уақытын түрлі іс-шараларға қызықтыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, адамгершілікке, имандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында 24-1.04 аралығында іс-шаралар ұйымдастырылды.

    24.03.17ж. жұлдызында 3 сыныптар арасында сынып жетекшілері «Ақпыз, қара, сарымыз, Ағайынбыз бәріміз» тақырыбында  іс – шара өткізді. Оқушылар әр ұлт өкілдерінің салт- дәстүрін, әдеп- ғұрыптарын аса қызығушылықпен ортаға салып көрсетті.4-сыныптар арасында  «Шынықсаң, шымыр боласың» тақырыбымен дала ойындарын ұйымдастырды.Мақсаты:балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа, мұқиятылыққа тәрбиелеу.

   25.03.17 наурызында 6-сыныптар арасында экология пәні бойынша “Қандай көркем, туған өлкем” танымдық сайыс сабағы өткізілді.Сайыстың мақсаты-  табиғат таңғажайыптарының алуан сырларын білуге, туған қаланың тарихын білуге тәрбиелеу мақастында ұйымдастырылды.

   27.03.17 наурызда  бастауыш сынып мұғалімі  Жарылгасынова Гулим Курмановна  2- сыныптар арасында  «Жүзден жүйрік» атты  математикалық сайыс өткізді.Сайысқа  2-сынып оқушылары белсене қатысып өз білімдерін  көрсетті.Сайыс  кезеңдерінде оқушылар математикалық жұмбақ есептермен бірге түрлі логикалық тапсырмалар орындады. Сиқырлы әріптерден математикалық терминдер құрап сайысқа түсті. Сайыс өз мақсатына жетті.

   28.03.17 жұлдызында мектеп тәлімгері «Құстар қарсы аламыз» акциясын өткізді.

Мақсаты оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұматты тереңдете отырып, дұрыс әрекет құндылықтарын дамыту болатын.

 «Құстар қарсы аламыз» атты  акция барысында, балалар  мен жасаған ұяларын  мектеп ауласындағы ағаштарға орналастырды.

      28.03.17 жұлдызында  Көктемгі демалыс уақытында оқушыларды шығармашылыққа баулу мақсатында үйірме жұмыстары жүргізілді. «Шахмат» «Экспо -2017» үйірмесі бойынша Т.Разахова,Қ.Мұрат 2-3 сыныптар арасында сайыстар  өткізді.

Автор: №9 ОМ