«Ұлағат» әкелер мектебі жұмысының ақпараты
2016 оқу жылындағы 24 қыркүйек күні сағат 13.00-де «Ұлағат» әкелер кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. Отырысқа 28 сыныптың әкелері, мектеп директоры Г. Әби, тәрбие орынбасары Д.Сагимбекова жетекшілері Қ. Ерубай, Т.Қанат қатысты. «Ұлағат» әкелер кеңесінің жетекшісі Қ. Ерубай «Әкенің бала тәрбиесіндегі ролі» атты баяндамасын оқыды.Тәрбие орынбасары Д.Сагимбекова «Ұлағат» әкелер кеңесінің жылдық жоспары таныстырып, былтырғы жылға есеп берілді. «Ұлағат» әкелер кеңесінің төрағасы болып – Балпықов Даулетхансайланды.
29 қазан күні «Әкенің бала тәрбиесіндегі ролі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелеге әр сыныптан шақырылған 10 әке қатысып, өздерінң ашық пікірлерін білдіре отырып, әр түрлі ситуацияларды шеше білді. Соңында пікір ағашына өздерінің ұсыныстарымен, тілектерін жазып, әкенің бала тәрбиесіндегі ролі зор екенлігін, сондықтан әкелер мектепппен үнемі тығыз байлыныста болып, ер балалардың тәрбиесіне қатты көңіл бөлу керектігін атап өтті. Бұндай жұмыстарды нәтижелі өткізуде өте жақсы белсенділік көрсетіп, ұйымдастыруға ұйытқы болып жүрген «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы қаламыздағы Мч-тің бас маманы болып қызмет атқаратын Балпықов Даулетхан. Мектептегі қандай да болмасын ісі-шараларға белсене қатысып әкелер арасында үлгі болып жүрген Даулетхан Мәуленұлына алғысымыз шексіз.
Қараша айының 26- жұлдызында Жбб №9 орта мектебінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған«Бірегейлік және бірлік»тақырыбындадене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық - зияткерлік сайыс өтті. Сайысқа 4-5-6 сыныптың «Ұлағат» әкелер мектебінің мүшелері балаларымен қатысты.Сайыстың мақсаты оқушылардың өй- өрісін, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын дамыта отырып, салауатты өмір сүруді насихаттау. Ойын төрт кезеңде өтті. Әкелермен балалар, спорт саласы бойынша өз білімдерін, шапшаңдықтарын көрсете білді.Сайысқа өте жақсы қатысып, белсенділік танытқан топтарI ,II,III дәрежелі дипломмен марапатталды.
I орын- 4а сыныбы Матабеков Азат
II орын- 6ә сыныбы 6б Сапарбаев Әкімхан.
III орын– 6а Тойшыбеков Дархан, 5б Абишев Ораз , 4ә сыныбы Күсенбаев Қайрат сайыстағы белсенділігі үшін марапатталды.
Желтоқсан айының 18 күні «Ұлағат» әкелер ұйымының ұйымдастыруымен «Темекі шегудің нашақорлықтың өмірге залалы» акция қала тұрғындарына буклеттер таратып таратылды.