«Алғыс күніне» өткізілген іс – шара ақпараты
«Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізілген қаулыға сай, Алғыс айту күні — 1 наурыз болып жарияланды. 14.02 – 01.03. аралығында1наурыз – алғыс айту күнінің іс- шара жоспары жасалып, бекітілді. Іс- шараны өткізуге мектеп оқушылары мен ұстаздары ғана емес мектеп кітапхана қызметкерлері, мектеп психологы , ата –аналар да тартылды. Әртүрлі формадағы іс- шаралар бастауыш, орта, жоғары буындағы сыныптарға бөлініп, жауапты адамдар бекітілді.Ақпан айының 15 - ші жұлдызында «Алғыс айту- сыйластық»тақырыбында жиын өткізілді. Жиында оқушыларға Елбасы жарлығымен 1наурыз – Алғыс айту күні болып жарияланғаны, оның мақсаты таныстырылып, айтулы мерекенің кең көлемде аталып өтілетіндігі айтылды. Мектепішілік іс- шаралар жоспарланған күндері өткізіліп, оқушылардың белсене қатысу керектігі ескертілді.Барлық сыныптарда «Алғыс айту- ізеттілік»,«Татулық бірлік бастауы»тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Оқушылардың шығармашылығы, ойларын білдіруі, сабаққа қатысуыжоғары деңгейде болды. «Ата – анам- алтын тұғырым «Ұлт бірлігі - Ұлы байлық» тақырыптарында сурет, көрмесі 2,3,4,5,6,7 сынып оқушыларының арасында ұйымдастырылды. Мектебімізде 23.02 күні 1- наурыз алғыс күніне орай «Бауырмалдылықты сезіне білдік» тақырыбында тарих пәнінің мұғалімі Бижамбек А. 9 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді. 23.02.2017ж. кітапханада 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылып, 5 сынып оқушыларымен ауызша журнал өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін кеңейту, көпұлтты Қазақстан Республикасының халықтар достығы – еліміздің бірлігінің кепілдігі екендігін таныту. Әр халықтың өнері, оның рухани байлығының негізін баланың жүрегіне өз ұлтының тілін, дінін біле отырып, өзге ұлттың рухани байлығын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. 25 ақпан күні қазақ тілі мұғалімі Ж.А.Орынтаеваның ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай «Сыйластық түбі - береке» атты мәнерлеп оқу сайысы болып өтті. Сайысқа 5-8 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар өздерінің жаттаған өлеңдерін нақышына келтіре айтты. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан оқушылар алғыс хатпен марапатталды. Мектебімізде ақпанның 28 күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары 1 наурыз Алғыс күніне орай «Ұстазға мың алғыс» тақырыбында үгіт-насихат топтарының сайысын өткізді. Сайыстың мақсаты оқушыларды ұстаз еңбегін бағалай білуге, алғыс айта білуге үйрету. Сайысқа7-10 сынып оқушыларының арасынан 7 топ сынға түсті.
1-Наурыз күні оқушылар ұстаздарына алғыс білдірі ашықхаттар таратты.