2017 жылыдың 2-13 аралығында өтетін онкүндік іс-шара «Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында өткен іс-шаралар ақпараты
03.02. күні өзін –өзі тану пәнінің мұғалімдері Қабылдина П., Д.Сагимбекова, «Мейірім төгетін ана» тақырыбында ата – аналарға дөңгелек үстел өткізді.Дөңгелек үстелдің мақсаты баланы рухани – адамгершлікке тәрбиелеудегі отбасының рөлінің маңыздылығын аша отырып, сүйіспеншілік және дұрыс әрекет құндылықтарын дамыту. 8.02 күні Д.Сагимбекова ««Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында 8 сыныптарға ашық сабақ өткізді. 10.02 күні Қабылдина П.«Жарасымды қарым -қатынас» тақырыбында 10сыныптарға ашық сабақ өткізді. 8.02.Өзін – өзі тану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік, Ақиқат, Ішкітыныштық, Дұрыс әрекет,Қиянат жасамау» құндылықтарға бөлінген сахналық қойлымдар 3-7 сыныптар арасында көрсетілді. 11.02 Мектебіміздің өзін-өзі тану пәні мұғалімдері «Құлақтан кіріп бойды алар» атты ән, би байқауларын 2-4 сыныптар арасында ұйымдастырды. Мақсаты:талантты оқушыларды таңдап,дарынды оқушылардың өнерін шыңдау, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. 13.02 күні 8а сыныбының оқушылары «Жүректен жүрекке» акциясын ұйымдастырып, қала тұрғындарына жылы тілек жазылған жүректер таратты.