Облыстық жалпы ата-аналар жиналысының өтілуі туралы ақпарат
2017 жылдың 21 қаңтарында мектебімізді облыстық жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа 7-9-11 сынып оқушыларының ата-аналары «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейрім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны 83, оқушылар саны 33 құрады.
Күн тәртібі бойынша қарастырылған «Қауіпсіз балалық», «Қауіпсіз интернет», «Оқушылардың жолда жүру қауіпсіздігі», «Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру жолдары», «Білім берудің жаңартылу мазмұны», «ҰБТ-дегі өзгерістер», «Мектептегі қамқоршылық кеңестердің жұмысы» т.б. өзекті мәселелердің қарастырылуы ата-аналар көңілінен шықса, оқушылар мен мектеп ұжымы үшін бірқатар сұрақтарға жауап алды. Ата-аналар жиналысын мектеп директоры Г.Әби және қалалық білім бөлімінің қызметкері Ж.Балапанова жалғастырды. Жиналыс соңынан мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін қалдырды.