Математикадан өткен ашық сабақ туралы ақпарат

Дата: 2016-02-10 09:41:19
Математикадан өткен ашық сабақ туралы ақпарат

Балқаш қаласы №9орта мектебі. 09.02.2016жылы Математика пәнінен10 «А» сыныбында ашық сабақ өткізілді.   Сабақтың тақырыбы:«Тригонометриялық функциялардың туындысын табуға есептер шығару»

Сабақтың мақсаты: Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын  білу, білімдерін есептер шығару арқылы  кеңейтіп толықтыру және туындының шығу тарихына шолу жасап,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта,формулалар,таратпа материалдар,бақылау қағазы , нақыл сөздер.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жеке, жұппен жұмыс,   ізденіс, салыстыру .

Күтілетін нәтиже:Тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулаларын  біледі, білімдерін есептер шығаруда  қолданады 

  

Автор: №9 ОМ