Размер шрифта:
↑

«№9 жалпы білім беретін мектебінде» 21.10.26 күні өткізілген ата-аналар жиналысы«№9 жалпы білім беретін мектебінде» 21.10.26 күні өткізілген ата-аналар жиналысы

Дата: 2026-10-29 11:19:04

  «Балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу»  тақырыбында «№9 жалпы білім беретін мектебінде»   21.10.26 ж. күні 1-11 сыныптың ата –аналарына  жиналыс өтті. Барлық қатысқан ата – аналар саны 62.

   Мақсаты: Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті және суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, ата-аналардың психологиялық сауаттылығы мен жауапкершілігін арттыру

Күн тәртібірде:

1. І – тоқсанның қорытындысы , Күзгі демалыс  кезіндегі қауіпсіздік ережелері

2. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын

3.«Балалардың  мұздағы, судағы қауіпсіздігі

4.«Балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» 

5.«Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік»

6. «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Қатысқан қонақтар:                                                                                                                             

   Жиналыста мектеп директоры Р.Б.Ерубаева «Даналық» мектебі,  «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектебінің   мүшелері,Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция капитаны   Қасымжанова А. , Балқаш қаласы құтқару бөлімінің медбикесі Б.С. Абжанова, Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі    В.А. Омаров, «Балқаш қаласы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығы» теологі Н.М. Каримов КММқатысты.

Қорытынды:

    Мектеп директоры Р.Ерубаева Балалардың қауіпсіздігі жайында тоқталып,  ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен  таныстырып,  І тоқсанның қорытындысы айтылды. «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында  ата – аналарға нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды.«Мұздағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» ережелері жайында, «Жаңа діни қозғалыстар туралы түсінік, сипаты, ерекшеліктері»   ақпараттар беріп, жадынамалар таратылды.«Балалардың қауіпсіздігі мен кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу» тақырыптары талқыланды,ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Автор: №9 ОМ