«Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында 1-11 сыныптың ата –аналарына жиналыс өткізілді.

Дата: 2026-04-06 10:52:20

№9  жалпы білім беретін мектебінде  13.03.26 ж. Күні «Жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында   1-11 сыныптың ата –аналарына жиналыс  өткізілді. Жиналыста мектеп  директоры Р.Ерубаева,  ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция капитаны  Г.А. Тохтиева,  Балқаш қаласы құтқару бөлімінің медбикесі Б.С. Абжанова,(Балқаш қаласының көпсалалы ауруханасы әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімінің меңгерушісі    В.А. Омаров ),  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова  қатысты.                                              

   Мектеп директоры   алдағы жұмыс жоспарына тоқталды. Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар берілді. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықпенкүресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек, дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің екенін айтып өтті. «Балалардың судағы, мұздағы қауіпсіздігі»  жайында ақпараттар берді.Мұздан мұзға секіру, жағалаудан шығу өте қауіпті екенін,  максималды қауіпсіздік үшін терезеге баланың терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтін арнайы құлыптарды, блокираторларды немесе құлыпталған тұтқаларды орнату жайында ақпараттар берілді.«Суицидтің алдын алу – жастар өмірінің қауіпсіздігіне қадам»Ата-аналар тарапынан жоғарыда көтерілген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарға жауаптар алынды.

Автор: №9 ОМ