Размер шрифта:

Мамандық таңдау — жауапты қадам!

Дата: 2026-04-01 20:51:57

Қаламызға Қозыбаев университетінен келген өкілдер 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында ресми кездесу ұйымдастырды.                                                          Аталған іс-шара барысында оқушыларға университеттегі білім беру бағдарламалары, ұсынылатын мамандықтар, қабылдау талаптары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, болашақ талапкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.               Кездесу оқушылардың болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орны туралы түсініктерін кеңейтті.

Автор: №9 ОМ