Түнгі рейдтік шараның ақпараты
Дата: 2026-01-13 00:46:46
2025 жылдың 6 желтоқсаны күні кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мақсатында қалалық полиция бөлімімен түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды.
Рейдтер қаламыздың компьютерлік клубтарына, кафелерге, ойын-сауық клубтарға, көп қабатты үйлердің ауласына, жер төрелерде, бұзылған үйлерге және орталық саябақтарда жүргізілді. Рейд барысында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған балалар кездескен жоқ.
