2 «Б» сыныбында Жартыбай Рауана Ерболқызы жүргізген ашық сабақ: «Туған жер»
Дата: 2025-12-17 15:50:37
Балқаш қаласы"№9 ЖББ мектебі" КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі Жартыбай Рауана Ерболқызы 2Б сыныбында әдебиеттік оқу пәні бойынша “Туған жер”тақырыбында ашық сабақ өткізді.Оқушыларды туған жерді сүюге, табиғатын қорғауға, елін мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақ мақсаты-туған өлкенің ерекшелігін танып, оны құрметтеуге баулу.
Мұғалім сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін туған жер туралы бейнеролик көрсетті. Әңгімелесу, өлең оқу, сурет бойынша жұмыс, сұрақ-жауап, топтық тапсырмалар тиімді ұйымдастырылды.
Оқушылар өз туған жері туралы ойларын еркін жеткізіп, көркем сөздерді қолдана білді. “Менің туған өлкем”, “Мен сүйетін табиғат” тақырыбында шағын мәтіндер құрастырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар туған жердің қадірін түсініп, туған еліне деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Белсенділік жоғары болды, оқушылар өз ойларын анық әрі әсерлі жеткізді. Сабақ қызықты әрі танымдық түрде өтті.
