2 «А» сыныбында педагог-сарапшы Ахметжанова Ардақ Сайлауханқызы жүргізген ашық сабақ: «Ауаның қандай қасиеттері бар?»
Date: 2025-12-17 15:47:03
Балқаш қаласы"№9 ЖББ мектебі" КММ- нің бастауыш сынып мұғалімі педагог-сарапшы Ахметжанова Ардақ Сайлауханқызы 2А сыныбында жаратылыстану пәні бойынша “Ауның қандай қасиеттері бар?”тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – оқушыларға ауаның қасиеттерін тәжірибе арқылы түсіндіру, табиғаттағы ауаның маңызын ұғындыру болды.
Оқушылар түрлі тәжірибелер жасап, ауаның бар екенін, көлем алатынын және қысым түсіретінін дәлелдеді. Сабақ барысында топтық жұмыс, сұрақ-жауап, ойын элементтері қолданылып, оқушылар белсенділік танытты.
Сабақ қызықты әрі танымдық сипатта өтті.
