Размер шрифта:

5-9 сыныптарда «Заңды білу –заман талабы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Дата: 2025-12-09 23:31:33

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерлету жобаларын іске асыру шеңберінде құқықтық сананы арттыруға, заңдылық пен қоғамдық тәртіпті нығайтуға мектебімізде 2025 жылдың 8 желтоқсаны күні 5-9 сыныптарда «Заңды білу –заман талабы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, оқушылардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу.

Автор: №9 ОМ