Размер шрифта:

«Мамандыққа қадам: жасанды интеллект жағдайындағы маркетинг» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиада

Дата: 2025-11-05 14:26:13
31 қазан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды қаласында «Мамандыққа қадам: жасанды интеллект жағдайындағы маркетинг» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиада өтті.
 
Бұл білім сайысына 11 «А» сынып оқушылары Сейлхан Аружан, Тайтөлеу Назерке және Төлеубек Абылай қатысып, үздік нәтижелер көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
 
Сондай-ақ «Титандар шайқасы» кезеңінде Тайтөлеу Назерке мен Төлеубек Абылай сертификат иегері атанды.
 
Оқушылардың білімін шыңдап, осындай мүмкіндік ұсынған ұйымдастырушыларға зор алғыс білдіреміз!
 
Автор: №9 ОМ