9-сынып оқушыларының Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжіне кәсіптік бағдар беру экскурсиясы
Date: 2025-10-29 17:16:20
29 қазан күні 9-сынып оқушылары «Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш технология және сервис колледжі» комуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына барып, оқу орнының бөлімдерімен және ондағы мамандықтарымен танысты. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдау бағытында ақпарат беру және колледж өмірімен таныстыру болды. Оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы, оқу кабинеттері мен шеберханалары көрсетілді.
