«Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаты
22.09.2025 күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. 5 А 7 «Б» сыныбының үгіт-насихат тобы жиында еңбек туралы көрініс қойып, адал еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынды.
Мақсаты: Оқушыларға адал еңбектің маңызын ұғындыру, еңбекке деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, жастарды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, табандылық пен әділдікке тәрбиелеу.
Сынып сағаты оқушылардың еңбекке деген көзқарасын қалыптастырып, адал еңбек етуге, жауапкершілік пен табандылыққа тәрбиелеуге бағытталды. Балалар еңбектің тек материалдық құндылық емес, рухани байлықтың да негізі екенін түсінді.
Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу жолында маңызы зор тәрбие сағаты болды.
