Профессор Ж.А. Қараевтың "Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің авторлық технологиясы" семинар-дәрісі

Дата: 2025-09-11 13:53:41
Қарағанды  облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің "Әлихан Ермеков атындағы мектеп-лицейі" КММ-де педагогика ғылымдарының докторы,профессор Ж.А. Қараевтың "Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесінің авторлық  технологиясы"  тақырыбында семинар- дәрісіне қаламыздағы  мектеп  оқытушыларымен қатар №9 Жалпы  білім  беретін мектебі  КММ мұғалімдері  де  қатысты.
 Семинардың алғашқы  күнінен бастап ұстаздарымыз  құнды дәрістер  тыңдап, тәжірибелік бағыт-бағдар  алды. Алдағы  күндері шеберлік сабақтары мен ғылыми-әдістемелік  жұмыстар өз  жалғасын  табады.
"The Ulytau Educational Foundation"қоғамдық қоры Балқаш қаласындағы барлық мектептерге профессордың авторлық технологиясын енгізудің бастамашысы болып  отыр.
 Бұл бастаманың негізгі мақсаты- білім сапасын  арттыру, оқушылардың заманауи құзыреттерін қалыптастыру және өңірдегі білім беру стандарттарын теңестіру.

 

Автор: №9 ОМ