Ата – аналар жиналысы

Дата: 2025-05-21 12:53:55
Ата – аналар жиналысы

   №9  жалпы білім беретін мектебінде  19.05.25ж. күні  1-11 сыныптың                       ата –аналарына «Қауіпсіз Жаз-2025»  тақырыбында жиналыс  өткізілді. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Жакупбекова , тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова  қатысты. Мектеп директоры Д.Жолдасова 2024-2025 оқу жылында жасалған оқу – тәрбие  жұмыстарына қорытынды жасап есеп берді.Қорытынды аттестаттауды 2025 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау мақсатында 5-11 сыптарда өткізілетін емтихан кестесімен таныстырды.                                                                                                           

  Ата- аналарға оқушылардың жазғы уақыттағы қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттар беріліп алдын алу жұмыстары жүргізілді. Балалардың өмірін, денсаулығын, қауіпсіздігін және бала құқығын қорғау туралы негізгі айтып өтті. Баланың мектептегі, көшедегі өзін ұстау қағидалары, күнделікті өмірдегі негізгі құқықтары туралы ақпараттар айтылды.  Сонымен қатар мектеп формасына қойылатын талаптар, оқушының ұқыпты келбеті (бантик тағу, шаш өру), тәртіп сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.1-4 сыныптарда 02.06.25-11.07.25 аралығында «Балдәурен» алаңы ұйымдастырлатындығы хабарланды.

Автор: №9 ОМ