Сынып сағатының ақпарат

Дата: 2024-11-25 14:52:27
Сынып сағатының ақпарат

  «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес қараша  айы «Әділдік және Жауапкершілік» айы деп аталады. 25.11.24 күні «Заң және тәртіп» құндылығы неізінде  1-11 сыныптарда «Құқық - әділет парасат жолы» ,«Буллингтен қорған»,  тақырыбында сынып сағаттары өтті.10,11 сыныбында  Психолог сағаты ұйымдастырылды. Сынып сағаты барысында оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе қорлайтын, тілтигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.

Автор: №9 ОМ