Размер шрифта:

№9 жалпы білім беретін мектебінде 23.11.24 күні өткізілген ата-аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2024-11-23 12:02:29
№9 жалпы білім беретін мектебінде 23.11.24 күні өткізілген   ата-аналар жиналысының ақпараты
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында №9 жалпы білім беретін мектебінде 23.11.24 ж. күні 1-11 сыныптың ата –аналарына ашық есік күні ұйымдастырылып, жиналыс өтті. «Даналық» мектебі, «Ұлағат» әкелер, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны 82. Мектеп директоры Д.Жолдасова І тоқсанның қорытындысы, оқушылардың жетістіктері жайлы тоқталды. ІІ тоқсанда жүргізілетін жұмыс жоспарларымен таныстырылды. Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам, діни экстремизмнің алдын-алу, құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі , ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі, сабақтан себепсіз қалу жайында ақпараттар берілді. «Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес» тақырыбында қала прокурорының прокуроры Қойжигитов Б.М. ата – аналарға есірткі қылмысына қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуын, пайдалануын алдын алу, сонымен қатар бұл жұмыста нашақорлық және жасөспірімдер қылмысы проблемасы, кәмелетке толмағандардың есірткіге құмарлығын қалыптастыруға ықпал ететін факторлар жайлы айтылды..«Мұздағы қауіпсіздік», «Өрт қауіпсіздігі» ережелері жайында төтенше жағдай басқармасының лейтенанты А.М. Саматович , суда құтқару бөлімшесі құтқарушы Қ.Б. Абжанова ақпараттар беріп, жадынамалар таратылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова сөз алып «Балқаш қаласы білім бөлімі» ММ-ің 2024 жылғы 03 қыркүйектегі №399-1 бұйрығы негізінде мектептегі медиация қызметінің жұмысын айтып өтті. Жиналыс соңында мектеп ата-аналары өз ойлары мен пікірлерін білдірді.
Автор: №9 ОМ