Ақпарат
2024 жылдың 18 қазанында «Даналық мектебі» жобасы аясында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының сабақтары 5-9 сыныптың ата- аналарына ұйымдастырылды. «Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион» тақырыбында сабақ өткізілді. Балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру жайында кеңестер берілді.Атап айтқанда, денсаулықты нығайту үшін пайдалы өнімдерді таңдау, дұрыс тамақтану тәртібін сақтау, отбасылық тағам дайындау әдістері туралы мәліметтер ұсынылады. Дұрыс тамақтану бүгінде әлемдегі денсаулық сақтау мәселелерінің бірі болып табылады, сондықтан отбасы үшін бұл тақырып ерекше өзектілікке ие.