Сынып сағатының ақпараты

Дата: 2024-10-22 10:43:59
Сынып сағатының ақпараты

«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ -де 21.10.24 күні Республика күніне орай 1-11 сынып оқушылар арасында  «Республикам - мақтанышым!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.  Сынып оқушылары республика күніне арнап суреттер салып, ел, жер туралы өлең жолдарын жатқа айтып, сынып сағатына белсене қатыса білді. Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту көзделді.

Автор: №9 ОМ