Ардагерлер күніне орай өткізілген сынып сағатының ақпараты

Дата: 2024-09-30 17:18:25
Ардагерлер күніне орай өткізілген  сынып сағатының ақпараты
Қария дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Ақсақалдарымыздың өмірлік тәжірибесі, ақыл-кеңестері, тәлім-тағлымдары ұрпақ үшін орны бөлек. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесінен үлгі аламыз. Мектебімізде 30.09.24 күні 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Автор: №9 ОМ