Ата- аналар жиналысының ақпарат
Мектебімізді 26.09.24 күні «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ –ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында 1-11 сыныптарда жиналыс өтті.
Бізді алаңдататын нәрсе – балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай. Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.
Жиналыс барысында қаралған мәселелер;
Интернеттегі қауіптер;шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін,кітаптар мен сайттар;әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар жайында ақпараттар берілді.
Ата- аналарға нақты ұсыныстарды ұсыналды. iPhone-да — Screen Time арқылы, Android-та — Google Family Link арқылы. Бұл құралдар орнатылған қосымшаларды тексеруге және қауіпті бағдарламаларға қолжетімділікті бақылауға мүмкіндік беретіндігін айтып өтті. Qustodio, Net Nanny немесе Kaspersky Safe Kids сияқты бақылау бағдарламаларын орнату, құрылғылардағы қолдану уақытын шектеу үшін кіріктірілген функцияларды пайдаланыңыз, мысалы, iPhone-да Screen Time арқылы «Қосымшалар шектеуі» немесе Android-та Digital Wellbeing арқылы,баланың эмоционалды жағдайын үнемі талқылау. Балаңыздың интернеттегі достарын тексеру, интернеттегі баланың айналасындағы адамдарға назар аудару керек екнін ескертіп өтті.
Сіздердің балаларыңыздың өміріне қосқан үлестеріңіз баға жетпес. Тек күш біріктіре отырып, біз оларға мектепте де, үйде де қауіпсіз орта жасай аламыз. Осы маңызды жұмысқа қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.