Ақпарат

Дата: 2024-09-25 12:52:00
Ақпарат

25.09күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес қыркүйек айы «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік» айы деп аталады. Соған орай мектебіміздің оқушылары  Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында жас кәсіпкер Ботакөз Жакипбековаменкездесіп,кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, табыс құпиясымен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар өте көп болды: бизнесті қалай бастау керек, бастапқы капиталды қайдан алуға болады, жарнаманың қандай құралдары ең тиімді?Сонымен қатар, оқушылар бизнес жүргізудің қыр-сырын, бизнесмен сипатын шыңдайтын табыстар мен сәтсіздіктер туралы білді. Жас кәсіпкер сұрақтарға жауап бере отырып, табысты кәсіпкердің басты қасиеттері еңбекқорлық, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті.

#Біртұтас_тәрбие

#Адал_еңбек

#uo_krg

@balqash_qalasy_bilim_bolimi

@rumcdo_official

@umckrg# #@umckrg#

Автор: №9 ОМ