Құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2024-09-12 12:32:17
2024 жылдың 11 қыркүйегі күні «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында Балқаш қаласы полиция бөлімінің аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы 5-6 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Мақсаты: құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндіруде — өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие беру, оның мақсат – міндеттерін дұрыс түсіндіру. Құқықтық тәрбие беру жан — жақты тәрбиелеудің маңызды бір саласы. Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа ұрынбауына, ұрлық жасамауға, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға пайдалы іспен шұғылдануларына жәрдемдеседі.
#uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official
@umckrg # #@umckrg #