«Мектебім -мейірім мекені» сынып сағат ақпараты

Дата: 2024-09-02 18:20:18
 «Мектебім -мейірім мекені» сынып сағат ақпараты
2- қыркүйек Білім күнінің алғашқы сабағы 2-11 сыныптарда «Мектебім -мейірім мекені» тақырыбымен тәрбие сағаттары өтті.Сынып сағатында оқушыларға қауіпсіздік сабақтары (10 минут) ақпараттар беріліп, аптаның дәйексөзі айтылды. Қай кезеңде де қазақстандық қоғамда білім құндылығы жоғары дәріптелген. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ағартушы Ыбырай Алтынсарин балаларды оқу-ілімге шақырды.Ы.Алтынсарин арқасында алғашқы қоңырау соғылды. Оның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі де жастарды білім алуға шақырып, оқу, өнер, ғылым – білімнің жалпы халық үшін даму жолы екендігін насихаттады. Білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқыланып, және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Автор: №9 ОМ