Ақпарат

Дата: 2024-06-03 10:44:58
Ақпарат

  «Балажан»  науқаны аясында 1 маусым Халықаралық балалар күнінің мерекесіне орай  мектепшілік «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің салтанатты ашылуы мектеп ауласында өткізілді. Лагерьге   0-4 сынып оқушылары және лагерь қызметкерлері мен құрметті қонақтар мен ата-аналар қатысты. Ашылу мерекесімен мектеп директоры Д.Жолдасова  құттықтап, бүлдіршіндерді лагерьге белсене қатысуларын, бос уақыттарын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Салтанатты жиында балалардың сүйікті кейіпкерлері Спанч боб,  Миньон кейіпкерлерін сомдаған ұстаздар балаларды қызықтырып, ойындар ойнап, сыйлықтар беріп, ән айтқызып, билетіп, оқушылармен қызықты әсерде естерінде қалатындай ұйымдастыра білді.

Автор: №9 ОМ