Ақпарат
Дата: 2024-05-25 08:22:55
21.05.24 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Мектеп. Ата-Ана. Оқушы» қалалық жалпы ата-аналар жиналысы өтті.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі А.Аханова, мектеп психологі Т.Дулатованың ұйымдастыруларымен «Отбасылық құңдылық-бала тәрбиесі- қоғам тәрбиесі» тақырыбында аналарға тренинг сабақ өткізді. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату мақсатында әртүрлі ойындар, топтық жұмыстар, тренингтер ұйымдастырылды. Аналар өз кезегінде ұсыныстар айтып, өз ойларымен бөлісіті. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады,отбасы қазығы нық қағылса,шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болмақ. Қай қоғамда өмір сүрмейік, ұрпақ-ол біздің болашағымыз, жарқын күндеріміз. Сондықтан болашағымызды қазіргі сәттен жақсы тәрбиелесек,ертеңгі күнімізге сеніммен басуға болады деп нық айта аламыз.