Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өткізілген дәрістің ақпараты

Дата: 2024-05-20 15:31:56
Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша  өткізілген дәрістің ақпараты
2024 жылдың 20 мамыры күні мектеп директоры Д.Жолдасова 7-11 сынып оқушыларына құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша «Қауіпсіз жаз» тақырыбында дәріс өткізді. Оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі жүріп –тұру барысында қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейту мақсатында су қауіпсіздігі, табиғат қауіпсіздігі, техника – өрт қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі, денсаулық сақтау ережелерімен таныстырылды. «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында қаладағы тіркелген фактілермен байланыстырып, ақпарат берді. Барлық жауапкершілік ата-анада екенін түсіндірді. Оқушының түнде ата-ананың қарауынсыз жүруге болмайтыны, кәмелетке толмаған балалардың кешкі сағат 22.00-ден кейін жұмыс істеуге болмайтыны ескертілді. 
#Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие#ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg
@balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg
@balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb
Автор: №9 ОМ