Ақпарат

Дата: 2024-05-06 11:49:27
  Ақпарат

12 мамырАналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.Мерекеге орай «Мейірім» аналар мектебінің жетекшісі А.Аханова Ұлттың рухани құндылығы мен салт-дәстүрін келешек ұрпақтың бойына сіңіріп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру мақсатында «Анаға тағзым» тақырыбында дөңгелек устел өткізді.Тәлім мен тағлымға толы дөңгелек үстел жиынынан жас ұрпақ мол мағлұматқа қанығып, патриоттық рух алды деген сенімдеміз. Егемен еліміздің дамуы мен гүлденуіне қыз-келіншектердің де үлесі өте зор. Сондықтан әйелдердің қоғамдағы рөлін, мүмкіндіктерін арттыру – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Автор: №9 ОМ