«№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушыларға құқықтық білім беру отырысының ақпараты
Дата: 2024-04-22 15:56:27
2024 жылдың 22 сәуірі күні 1-11 сынып жетекшілері құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша:
1 сыныптар – «Заң дегеніміз не?»;
2 сыныптар – «Құқық және заң»;
3 сыныптар – «Жаза қашан қолданылады?»;
4 сыныптар – «Бала құқықтары туралы Конвенция. Мен не білуім керек?»;
5 сыныптар – «Құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық»;
6 сыныптар – «Кәмелетке толмағандардың ҚР ӘҚБтК Заңы алдындағы әкімшілік жауаптылығы 80, 81, 82-баптар»;
7 сыныптар – «Кәмелетке толмағандарды қылмыстық жазалау. ҚР ҚК 80,81,82,83,84,85,86-баптары. Топтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және жаза»;
8 сыныптар – «Вандализм. ҚР ҚК 294-бабы»;
9 сыныптар – «Құқық қорғау органдарының қызметі. Полицияның, прокуратураның, соттың негізгі міндеттері»;
10 сыныптар – «Адамның өмір сүру құқығы. ҚР Конституциясы 15-бап Қиын өмірлік жағдайлар - әрқашан жол бар!»;
11 сыныптар –«Есірткі заттарды сақтау, тарату, дайындау үшін қылмыстық жауапкершілік. Алкоголь мен никотиннің адам денсаулығына зияны. Темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу. ҚР ҚК 297-б.» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді.
Сынып сағаттарында әкімшілік құқық бұзушылықтар, әкімшілік жауапкершілік, кәмелетке толмағандар жасаған ұсақ бұзақылық, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері, бала құқықтары, заң туралы айтылды. Сынып сағаттарының мақсаты: адам құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру. Әрбір жеке азаматтың өз құқығын білуге тәрбиелеу. Демократиялық көз –қарас қалыптастыру.