АҚПАРАТ

Дата: 2024-04-12 16:05:57
АҚПАРАТ

№9 ЖББ мектебінің мектепалды 0 «А» және 0 «Ә» сыныптарында ашық сабақтар өтті.

0 «А» мектепалды сыныбында, «Ғарышқа саяхат» тақырыбында тәрбиеші Сейтханова Каршыга Сериковна ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Балалардың ғарыш, ғаламшарлар туралы білімдерін одан әрі кеңейту. Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік бере отырып, балалардың ғарыш әлеміне қызығушылықтарынарттыру. Ашық сабақ барысында балалар өткен тақырыпты пысықтады. Ғарышкерлер, ғаламшарлар, аспан әлемімен танысты. Әр түрлі тапсырмалар орындады. Телескоп құралымен, ұшқыштардың киімімен (скафандр) танысты.

0 «Ә» мектепалды сыныбында «Дыбыстық талдау» тақырыбында сауат ашу негіздері пәнінен ашық сабақ өтті. Ашық сабақты тәрбиеші Есенова Меруерт Буркитбаевна жүргізді. Сабақтың мақсаты: Дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру, дыбыс пен әріп туралы түсінік беру. Артикуляциялық жаттығу жасату арқылы әдемі сөйлеуге баулу. Сабақ барысында балалар дауысты және дауыссыз дыбыстармен танысты. Сөздерге дыбыстық талдау жасады және де сол сөздерді буынға бөлді. Балалар сабаққа өте белсене қатысты.

Автор: №9 ОМ