1-11 сыныптардың ата- аналар жиналысының ақпараты

Дата: 2024-04-12 13:31:52
1-11 сыныптардың ата- аналар  жиналысының ақпараты

    Мектебімізде 8-11 сәуір  күндері ата -аналар жиналысы 1-11 сыныптарда өтті.Жиналыс барысын ата- аналар   түрлі тренингтерге қатысып постер  қорғады. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану. Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін айтып өтті«Ұл – қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеп, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етейік» – деп  жиналыстар аяқталды.

Автор: №9 ОМ