«Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында 4 А сыныбында ата-аналарға дәріс
Дата: 2024-04-12 12:30:47
Мектебімізде 11.04.24 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Тәлімменен өрілген біздің дәстүр» тақырыбында 4 А сыныбында ата-аналарға дәріс өтті. Сабаққа оқушылар ата- аналармен қатысып, әр түрлі тапсырмалар, жаттығулар, тренингтер орындап белсенділік танытты. Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы. «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізетіндігін ата- аналар айтып өтті.