Ақпарат
Дата: 2024-03-26 11:07:47
Мектебімізде 26.03.24 күні Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының бағдарламасы аясында, «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»тақырыбында 1-4 сыныптарда ата-аналарға дәріс өтті.Отан отбасынан басталады. Кез келген ата-ана баласына дұрыс тәлім-тәрбие беруге міндетті. Оларды еңбекке, білімге баулуға, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетуге үйретулері тиіс. Бұл барлық ата-ананың мойнына жүктелген борыш екені айтылып, ата- аналар өз ойларын қосты.Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік.